Жамбыл облысында орман өртенді. Өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерге бір тәулік уақыт қажет болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.
1 800 гектарды қамтыған өрт 5 маусымда сағат 15:08-де сөндірілді.
«Өртті сөндіруге 314 адам, 72 бірлік техника және бір тікұшақ, оның ішінде орман шаруашылығынан 161 адам және 38 бірлік техника, Қазавиақорғаудан алты адам және бір тікұшақ, Жамбыл облысы ТЖД 86 адам және тоғыз бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 61 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды», деді Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.