Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында ұлттың құрама командамыз мол олжаға кенелді.
Алғашқы алтынды команда қожынына Эдуард Ким салды. Ол солоның техникалық бағдарламасында 204.3900 ұпай жиып, барлық қарсыласынан қара үзіп кетті. Екінші және үшінші орынды италиялық Филиппо Пелати (198.1749) мен америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) иеленді. Еркін бағдарламада Виктор Друзин дара шықты. Ол 193.7938 ұпай еншіледі. Күміс пен қола медаль Пелати (186.1168) мен испаниялық Деннис Бонеюға (185.8751) бұйырды.
Ал Эдуард Ким мен Наргиза Болатова (221.1683) жұптық бәсекеде күміс медальді мойындарына ілді. Жерлестеріміз тек испаниялық Денис Гонсалес Бонеу мен Миреа Эрнандез Лунадан (228.1233) ғана қалып қойды. Апеннин түбегінен келген тағы бір жұп – Филиппо Пелати мен Сара Мария Ризеа (208.8133) қола медальді иеленді.