• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Маусым, 2024

«Өлтіреді деп қорқытқан»: Карина Мамаш жаңа мәлімдеме жасады

126 рет
көрсетілді

Дипломат күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көрген Карина Мамаш әлеуметтік желіде жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Azattyq-ruhy сайтының жазуынша, Карина Мамаштың әжесіне дипломаттың туысы қоңырау шалып, қорқытқан, ұрып-соғу туралы өтінішін алып кетуді талап еткен.

«Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Сәкеннің Астана мен тұтас Қазақстан бойынша таныстары көп, олар Каринаны өлтіреді немесе мертіктіреді деп қорқытқан», дейді Карина Мамаш.

Полицияда қорқыту фактісі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

«Есіл ауданының полиция басқармасы қауіп-қатер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.

Еске салайық, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған күйеуінен қорғауды сұраған Карина Мамаштың алаңдатарлық бейнеөтінішінен соң ҚР СІМ дереу өз қызметкерін кері шақыртып алып, оны жұмыстан шығарды, ал полицияда қылмыстық іс қозғалған еді.