• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Маусым, 2024

Елордада қазақ тілді контент өндірушілердің форумы өтті

96 рет
көрсетілді

Астанада қазақ тілді контент өндірушілердің «QazaqSham» форумы өтті. Аталмыш жоба еліміздегі тіл саясаты саласындағы қазақ тілінің даму деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Өз сөзінде Сенат Төрағасы кейінгі жылдарда елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталған саланы дамыту үшін институционалдық негіз қалыптасты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде арнайы департамент құрылды.

Сондай-ақ секторды әрі қарай жетілдіруге және мемлекет тарапынан қолдауға арналған нақты шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Сонымен қатар форумға қатысқан жастар өздерінің табысты медиа жобаларын ұсынды, туындайтын қиындықтарды талқылады және индустрияның даму векторын белгіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар креативті индустрияны тиімді дамытуға тиісті жағдай қажет екенін айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар арасында меморандумға қол қойылды, оның негізгі идеясы - қоғамның өзекті тақырыптары бойынша қазақ тілді контент құру.

Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты.

Форумда кәсіпкер, «Phenomenal Kids»жобасының негізін қалаушы, «QazaqSham» жобасының продюсері Азат Әбікен, тарихшы, археолог-экспериментатор Нұрқожа Ерсайын, продюсер Азамат Демеген, «Balafunny» YouTube-арнасының негізін қалаушы Алтынай Есенжанова, Маңғыстау облысындағы «Aktown» жобасының негізін қалаушы Нұрсұлтан Мырзабек, «QonzhyqApp» жобасының өкілі Айнұр Мәлібекова және басқа қатысушылар қатысып, сөз сөйледі.