• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 06 Маусым, 2024

Президент Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

112 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

«Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін», деп жазылған жеделхатта.