• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2024

Таразда көпқабатты үйден өрт шықты: 10 адам эвакуацияланды

52 рет
көрсетілді

Бүгін Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен жерге дер кезінде барып, өртті 25 минутта сөндірген. Оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала бар.«Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ», делінген хабарламада.