• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2024

Аида Балаева қоғам қайраткері Бексұлтан Тұтқышевтің отбасына көңіл айтты

112 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет және қоғам қайраткері Бексұлтан Тұтқышевтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Бексұлтан Серікбайұлы тамаша дәрігер, ел игілі жолында еселі еңбек еткен адал азамат еді деген министр қайраткердің саналы ғұмырында атқарған елеулі істерін еске түсірді.   «Көп жылдар бойы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияда белсенді жұмыс істеген сенімді серігіміз болды. Ол Сенат депутаты бола отырып, Парламенттің отбасылық-демографиялық саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында бірқатар заңдар қабылдауына бастамашы болды, оларды іске асыру тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысты. Бексұлтан Серікбайұлы сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ және Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезінде гендерлік теңдік мәселелерін күн тәртібіне енгізуге ықпал етіп, қажырлы қызмет атқарды. Оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын», деп жазды Аида Балаева.