• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2024

Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті табылды

185 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жаппай іздестіріліп жатқан кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің денесі төрт күннен кейін Юрта мейрамханасының манындағы Елек өзенінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланды. Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді.

«Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады», делінген ІІМ хабарламасында.