«Семей орманы» МОТР РММ Жаңа Шүлбі филиалының орталық орманшылығы аумағында өрт болды. Өрттің тұтануына себепкер анықталып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Жаңа Шүлбі филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 гектар құрғақ шөптің өртенгені анықталды», делінген ТЖМ хабарламасында.Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.