«Қазгидромет» РМК 9 маусым, жексенбідегі Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
«Ел аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел тұрады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.