• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Маусым, 2024

Ең алғашқы балмұздақ қалай дайындалды?

244 рет
көрсетілді

10 маусым – Дүниежүзілік балмұздақ күні. Бұл күн 1786 жылы Америка Құрама Штаттарында осы десерттің алғашқы жаппай сатылымы негізінде белгіленген, деп жазады Egemen.kz.

Аңыз бойынша, Марко Поло балмұздақ рецептін Еуропаға Қытайдан әкелген. 14-16 ғасырларда мұздатылған сүтті қолданатын десерт Еуропада кең таралған. Сүт пен кілегей қосылған мұздатылған ванильді кремді рецептінің авторы француз аспазы Жерар Тирсенге тиесілі. Десерт «неаполитандық балмұздақ» деп аталды.

Ал ең алғаш ежелгі Қытайда аспаздар мұз, қар және жеміс қоспасынан, ал кейінірек сүт пен мұздан сергітетін тағамдар дайындады. Мұздатылған шырынды еске түсіретін десерттер Ежелгі Израильде, Грецияда және Римде де тұтынылады. Иранда б.з.б V ғасырда раушан суы мен лайм шырынынан жасалған фалооде деп аталатын десерт пайда болды.

Балмұздақ рецепті алғаш рет 1718 жылы Англияда Мэри Эйлес ханымның рецепттер жинағы жарық көрді.

Бұл күні балмұздақ фестивалі, дәм тату шаралары, деликатестер байқауы өтіп, өндіруші компаниялар сыйлықтар мен тәттілер ұсынады.

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті