• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Университет 12 Маусым, 2024

Химия кластері

38 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің химия және химия­лық технология факультетінде «Farabi Chem Science» кластері ашылды.

Экология, химия, медицина, мұнай-хи­мия және энергияны көп қажет ететін мате­риалтану салаларында зерттеулер жүр­­гізіп, жаңа шешімдер әзірлеуді іске асы­ра­тын кластерде 9 ғылыми зертхана орна­ласқан.

Жаңа зертхананың жұ­мы­сымен химия және химия­­­лық технология факультеті­нің де­­каны Алина Галеева ­та­ныстырды.

Іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек Мемлекет ­бас­шысының отан­дық ғы­лым мен білімді да­мы­туға және инновация­лық тәсілдерді енгізуге айрықша мән беріп отырғанын атап өтіп, «ҚазҰУ базасында ашылып жатқан зертханалар еліміздің химия саласын дамытып, химия өнеркәсібі саласында­ғы жұмыстарды тереңдетуге ықпал ететін болады», деді.

Университеттің басқар­ма төрағасы-ректор Жансе­йіт Түймебаевтың айтуынша, зертханалар сондай-ақ медицина және биология саласындағы көптеген зерт­теу жаса­лып, тың жаңа­лық­тардың бастамасына айналады.

Зертханалар кластерінің болашақ жоспарлары, заманауи мүмкіндіктерімен Гар­вард университетінің профессоры, зерт­теуші-ғалым Марк Эллиот және оқу орны­ның ғалымдары, жас зерттеуші­лер танысты.

Ғылыми зертханалар металл және ағаш кон­струк­цияларға арналған отқа тө­­зімді жабындылар жа­сау­­­ға, арнайы қасиетке ие бей­­­­органикалық материал­дар­дың жаңа түр­лерін зерттеуге, заттар мен материалдарды цифрлық және сапалық талдау бойынша қызмет­тер­ді іске асыруға мүмкіндік бе­ре­­­ді. Зерттеушілер сонымен қа­­тар қоршаған орта­ны лас­та­ну­­дан қорғауға ықпал ете­тін, ­хи­мия­лық ток көз­де­рі­не арнал­ған жаңа ма­те­риал­дарды әзірлеу, мұ­най-химиясы саласында терең­детіл­ген зерт­теулер жүргізу, отан­дық медициналық-био­логия­лық құралдар мен бак­терия­ға қарсы материалдар алудың оңтайлы әдістерін әзірлейтін болады.

Кластерде ғалымдардың жұмыс істеуіне толық­қанды жағдай жасалып, соңғы үлгі­дегі құрылғылар және аппараттармен жаб­дықталған. Мұнда гранттық және бағ­дар­ламалық-нысаналы қар­жыландыру жоба­лары мен демеушілік субсидияларды іске асыру шеңберінде са­тып алынған жаңа құ­рыл­­ғылардың құны 1 млрд теңгені құрайды.

Бүгінде университетте химия-технологиялық бе­йіндегі 3 ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді. Хи­миялық ғылыми клас­те­ріне аналитикалық химия және қоршаған орта, элек­тр-­­химиялық өндіріс техно­логиясы, мұнай-химия, хи­мия-медициналық, жұ­қа органикалық синтез, энер­­гияны көп қажет ете­тін на­номатериалдар, перс­пек­тивалық материалдар мен техно­логиялар, жоғары дәл­діктегі материалдарды диагностикалау зертха­налары мен «Chemical Coatings Innovations» ғы­лы­ми-өндірістік орталығы кіреді. Мұнымен қоса Alem­Trade компаниясының де­­меу­шілігімен ашылған жо­ға­ры дәлдіктегі материалдарды зерттеу зертханасы­ның да мүмкіндігін атап кеткен жөн.

 

АЛМАТЫ