• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Маусым, 2024

Бүгін елімізде ауа райы тұрақсыз болады

56 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 12 маусымда ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Елдің шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Синоптиктер тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райын болжап отыр. Республика бойынша жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау, батыста, Маңғыстаудың оңтүстігінде, Түркістан, Қостанай, Ақтөбенің солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облыстарының батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, солтүстікте, шығыста, Маңғыстаудың орталығында, батыста, Ақтөбенің оңтүстігінде, батыста, Жамбылдың шығысында, Алматы қаласының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.