«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті