• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Маусым, 2024

Атырау-Ақтөбе тасжолында бір отбасының екі адамы көз жұмды

159 рет
көрсетілді

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қайтыс болды. Жол апатынан қайтыс болғандардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 12 маусым күні болған.

«Күндізгі сағат 14:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тасжолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», делінген хабарламада.

Жол апатына байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтауға кірісті.

«Мұндай жол-көлік оқиғасының басты себебі арнайы ережені сақтамаудан туындайды. Аталған жол-көлік оқиғасы туралы айтатын болсақ, Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды. Осындай себепке байланысты көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», делінген ПД мәліметінде.