• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 13 Маусым, 2024

Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жедел штаб құрылды

106 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабты құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел штаб құрамына:

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, басшы; ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы; ҚР Қаржы министрі; ҚР Энергетика министрі; ҚР Көлік министрі; ҚР Ауыл шаруашылығы министрі; ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі; «Самұрық-Қазына» Халықтық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша); «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша) кіреді.

Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.

Бұйрық 2024 жылдың 10 маусымында күшіне енді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті