Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев тасқынға байланысты ахуал тұрақтанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
«Күн сайын су деңгейі 2-3 сантиметрден түсіп келе жатыр. Қазіргі уақытта 4-5 ауылда қауіп бар. Атап айтқанда, Талдыкөл, Алға, Сарайшық, Таңдай, Еңбекшіл ауылдарында кезекшілер тәулік бойы жағдайды бақылап отыр. Қорғаныс бөгеттері ауылдарды су басудан қорғап тұр», деді аудан әкімі.
Айта кетсек, Махамбет ауданында Жайықты жағалай орналасқан 17 елді мекен бар. Тасқынның алдын алу мақсатында 100 шақырымнан астам бөгет салынды. Махамбет ауданындағы су деңгейі 9 метр, 77 сантиметрді көрсетіп тұр. Махамбет ауданы бойынша қауіпті су деңгейі - 8 метр, 50 см.