• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 13 Маусым, 2024

Жамбы ату: Ұлттық құрама Әлем чемпионатында «алтын» еншіледі

160 рет
көрсетілді

8-13 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Силин-хот қаласында жамбы атудан әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан, Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Пәкістан елдерінен және Тайпей мен Макао провинциясынан 60-қа жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбы ату федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның намысын ұлттық құраманың 4 мүшесі: Абзал Тұлыбеков, Айтбек Сарыбай, Нұрсұлтан Бірлікбаев және Батыр Бексауыт қорғады. 4 күнге созылған дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стилдері бойынша өткенін айта кету керек.

Жарыстың алғашқы күні спортшылар «Мажар» стилі бойынша сынға түсіп, бұл сайыста «Алтын тұғыр-2023» иегері Батыр Бексауыт үздік үштікке ілінді. Ал алтын және күміс жүлдені Моңғолия елінің мергендері иеленді.

Жарыстың екінші күні мергендер «Азия» нысанасын көздеді.

Үшінші күні біздің спортшыларымыз бұрын-соңды атып көрмеген «Император» стилі бойынша жарыс болды. Қазақстан спортшысы Айтбек Сарыбай осы стильдің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жарыстың соңғы күні «Саран» стиліне арналды. Осыған дейін бұл нысананы да көздеп көрмеген мергендеріміз тағы да биікке өрледі. Батыр Бексауыт моңғол спортшыларының алдын орап, алтын медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен әлем чемпионатын қорытындылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қытай жамбы ату федерациясының өкілдері құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.