Оқиға 14 Маусым, 2024

Атырауда 3 жасар бала 10 қабаттан құлады

234 рет
көрсетілді

Атырауда 3 жасар бала терезеден құлаған. Қайғылы оқиға бүгін сағат 8:00 мұғдарында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

10-қабаттан құлаған бала жедел жәрдем көлігі жеткенге дейін көз жұмған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бала анасымен Құрманғазы ауданынан дәрігерге қаралу үшін келгені белгілі болды.

Полиция ата-аналарға кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдыру қауіпті екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар