• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Айбын 14 Маусым, 2024

Өнерлі сарбаз әскери қызметшілерді қуантып жүр

167 рет
көрсетілді

Абай гарнизонының 44793 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген Әсет Темірбаев музыкалық өнерімен әскери қызметшілерді қуантып жүр, деп жазады Egemen.kz.   

Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы Әсет Темірбаев көпбалалы отбасында өскен. Музыкаға сүйіспеншілігін байқаған ата-анасы оны музыка мектебіне берген. Мектепте баян аспабын таңдаған ол аспапта ойнауды кәсіби деңгейде үйреніп, бірнеше рет байқауларда жеңімпаз атанды.

«Музыкалық білімді оқушы кезде-ақ алдым. Содан кейін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде халық аспаптары кафедрасында оқыдым», дейді қатардағы жауынгер Әсет Темірбаев. 

Арал аудандық мәдениет үйінің оркестрінде жұмыс істеп жүргенде әскерге шақырылып, Абай гарнизонына борышын өтеуге жіберіледі.

Әсет Темірбаев өзінің әскери ұжымында әрбір бос уақытты сарбаздардың көңіл-күйін көтеруге пайдаланады. 

Ол баянда ғана емес, фортепианода да ойнайды және әскери бөлімнің қоғамдық өміріне белсене араласады.

Бүгінде ол Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Әскери істегі дирижер» мамандығын таңдады. Тестілеуден сәтті өткен ол енді әскери білім ордасында тапсыратын шығармашылық емтиханға дайындалып жүр.