Британдық кәсіпкер әйелімен ажырасуына iPhone өндірушісі кінәлі деп санап, Apple компаниясын сотқа бермек, деп хабарлайды Egemen.kz
The Times порталының жазуынша, кәсіпкер ажырасуы және соның салдарынан үлкен көлемдегі ақшаның жоғалуы оның iPhone телефонынан өшірілген айыптау мәтіндерінің отбасылық iMac-та қолжетімді болуының тікелей нәтижесі екеніне сенімді.
Сондай-ақ оның айтуынша, Apple компаниясы iPhone пайдаланушыларына жойылған хабарлар синхрондалған құрылғыларда әлі де сақталуы мүмкін екенін ескертуі керек.
Жұбайына опасыздық жасаған кәсіпкер iMessages қосымшасы арқылы жазылған хабарламаларды жойған. Алайда, әйелі сол қосымшаны отбасылық компьютерден ашқан сәтте, ол басқа адамның iPhone-ға жіберген соңғы хабарламасын көрді. Осыдан кейін әйелі ажырасуға арыз берген.
Салдарынан кәсіпкер 5 миллион фунт стерлингтен (6 миллионнан астам немесе шамамен 3 миллиард теңге) шығынға ұшырады. Бұл шығынды Apple компаниясын сотқа беру арқылы өндіріп алмақ.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті