15 маусым күні Талдықорғандағы демалыс орнында төбелес болды. Демалушылар арасындағы жанжалды Taldykorganec.insta парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтағы полиция басқармасы төбелес шығарғандардың жеке басы анықталып, ұсталғанын жеткізді.
«Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі - әскери қызметкер. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді», делінген хабарламада.