Оқиға 17 Маусым, 2024

«Астана-Петропавл»: Жол бойында жеңіл көлік өртенді

105 рет
көрсетілді

«Астана-Петропавл» автожолында жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шақырту алған мезеттен бастап, өрт сөндірушілер қызыл жалынды 21 минутта жойған.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында: «Шортанды кенті ауданындағы «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолында жеңіл көлік өртенді. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр», делінген.