Перу жағалауында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Неміс геоғылыми зерттеу орталығының мәліметінше, жер сілкінісі UTC уақытымен 14:47-де (Астана уақыты бойынша 19:47) тіркелген.
Әзірге бұл оқиғаның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.