Құрбан айттың бірінші тәулігінде 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 16 маусымда ел бойынша 20 236 мал шалынғанын, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілгенін мәлім етті.
Шалынған мал саны:
қой – 17 327; ешкі – 1 597; ірі қара – 1 307; түйе – 5.Құрбандық еті 62 561 отбасыға және 136 мекемеге таратылған.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2024.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр», делінген ҚМДБ хабарламасында.