Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның туған күні. Ол 25 жасқа толды. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға құттықтау хатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Құттықтау хатты Қазақстан теннис федерациясы жариялады.
«Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз.
Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін.
Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін», делінген құттықтауда.