• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 17 Маусым, 2024

Отарда комаға түскен сарбаз: Президент арнайы тапсырма берді

169 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін атқарып жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты істі бақылауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», делінген Берік Уәли таратқан жазбада.