Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады, - делінген құжатта.
Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.