Қарағандылық спортшылар паражеңіл атлетикадан Гран-при жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше халықаралық жарыстар Парижде өтіп, оған 56 елден 380-нен астам өкілі қатысты. Қазақстан құрамасында жеті спортшы, оның ішінде екі қарағандылық өнер көрсетті.
Жарыстың бірінші күні Қарағанды облысының мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушісі Дастан Мұқашбеков F-36 классында тұғырдың екінші сатысына көрініп, күміс жүлдегер атанды. Ол снарядты 14,20 метр қашықтыққа лақтырды.
Жеңіл атлетикадан Grand Prix Дүниежүзілік сериясының екінші күні қарағандылық Руфат Хабибуллин Ғ43/F64 класындағы спортшылар арасында 46.35 ұпаймен найза лақтыруда үздік атанып, алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, Дастан Мұқашбеков Парижде 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.