• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 18 Маусым, 2024

Қырғызстаннан Қазақстанға жөнелтілген шиеден вирус табылды

134 рет
көрсетілді

Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалданған шиеден ауру анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім иелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстанмен шекарадағы «Қарасу» фитосанитарлық бақылау бекетінде шиеден сынама алынған. Зертханалық сараптама қорытындысында 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылды.

Министрлік жеуге жарамсыз өнімдер экс порттаушы елге қайтарылғанын хабарлады. 

Айта кетейік, азиялық жидек дрозофиласы жүзім, құлпынай, шабдалы, өрік, шие, таңқурай және т.б. жеміс-жидек түрлерін зақымдайды.