• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Маусым, 2024

Еліміздің алты облысында аптап ыстық болады

133 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің алты облысында қатты ыстық күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың мәліметінше, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді.

«Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады», делінген хабарламада.