• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Маусым, 2024

Қоймаларда жиналған су 100 пайызға жуықтады

88 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша су қоймаларына жиналған су 100 пайызға жуықтады, нысандар штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметіне сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толып отыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толған. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толған. Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толды. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%. Еске салайық, су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.