Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынын бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 20-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бір жағы бойынша ұйымдастырылады.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.