Қостанай облысында қасақана алимент төлемей жүрген 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақ прокуратурасы алимент өндіріп алу жұмыстарын жүргізу барысында 130 азаматты тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етті.
Сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге тиісті шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, 165 адам әкімшілік жазаға, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Осындай кешенді шаралар негізінде 181 баланың алдындағы 229,3 млн теңге сомасында алимент өндірілді.