• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2024

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?

129 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін елдегі зейнеткерлердің саны мен  зейнетақының орташа мөлшері туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленсе, оның 487,5 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 трлн 61,8 млрд ынтымақты зейнетақыға бағытталды.

«2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 383 мың адамды құрайды. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша орташа жалпы зейнетақы 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 89 697 теңге, базалық зейнетақы - 42 704 теңге», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер кіреді.

Осылайша, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-ына тең болса, онда 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, 20 жыл қатысумен базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 85 пайызын құрайды. 30 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105% мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым жүйелі және толық аударылса, зейнет жасындағы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті