Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.