• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әскер 20 Маусым, 2024

Қазақстан әскерилері Тәжікстанға аттанады

119 рет
көрсетілді

Тәжікстанда Орталық Азия аймағындағы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшылығымен жедел жиын өткізу бойынша штаб-пәтер келіссөздері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тәжікстанда «Рубеж-2024» ОАА жедел өрістету ұжымдық күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жоспарланып жатыр. Бұл мәселе бойынша келіссөздер Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан ведомстволары мен ҰҚШҰ хатшылығының қатысуымен өтті.

«Штабтық келіссөздер барысында ОАӨ КСР қолбасшылығымен жедел жиын өткізу тәртібі және оқу - жаттығу жоспары, ұлттық контингенттердің келу мерзімі мен тәртібі, практикалық іс-қимылдарды ұтыс ойнау тәртібі, сондай-ақ жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері келісілді», деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.

«Рубеж-2024» жаттығуын Тәжікстан ҚК «Харбмайдон» полигонында өткізу жоспарланып жатыр. Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Харбмайдон» полигоны анықталған «Рубеж-2024» оқу-жаттығуын өткізу ауданына барлау жүргізілді.