• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Маусым, 2024

Заман талабына жауап береді

90 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Масс-медиа» туралы заңға қол қойды. Заң медиа саласы өкілдерінің, көпшілік қоғамның жан-жақты әрі кең ауқымды талқысынан өтті. Сол себепті заң халыққа қызмет ететін маңызды құжат болады деп сенеміз.

Заңның әзірленуіне, жан-жақты жетілуі­не атсалысқан барша азаматқа зор алғыс білдіремін. Оның ішінде депутаттық корпус, журналистік қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысып, еліміз үшін осы маңызды заңды әзірлеуге айрықша үлес қосқанын атап өткім келеді.

«Масс-медиа» туралы жаңа заң заман талабына сай қажет болды.

1999 жылы қабылданған қазіргі қолда­ныс­тағы заңға 40-тан астам өзгеріс енгізіл­ді. Көпжылдық құжатты жетіл­­діріп, заманға сай бейімдеу – уақыт қа­жеттілігінің айқын көрінісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен заңды қайта қарау жұмысы қолға алынды. Мәдениет және ақпарат министрлігі дең­гейін­де заң түрлі мүдделі тараптардың қатысуы­мен белсенді түрде талқыланды, бұл ал­дағы өзгерістерді жан-жақты қалыптас­тыруға мүмкіндік берді.

Заң жобасының жан-жақты әрі терең талқылануына депутаттық корпус пен Парламенттегі журналистер өкілдігі ықпал етті. Олардың белсен­ді жұмысы арқылы барлық аспекті мен ерек­шелік ескеріліп, заң заманауи ме­диа ке­ңіс­тіктің қажеттілігіне барынша бейімделді.

Тиімді құқықтық тетіктерді әзірлеу мақ­сатында құрылған жұмыс тобы 57 отырыс өткізіп, оған БАҚ өкілдері, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысты.

Осы маңызды үдеріске қатысқан­дардың барлығына тағы да алғыс айтамын. Сіздер­дің қажырлы еңбектеріңіз бен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз еліміздегі медиа саласын одан әрі дамытуға негіз болатын тарихи құжат жасауға мүмкіндік берді. Бәріміз бірлесіп Қазақстанның медиа кеңістігін ашық әрі жемісті жұмыс істеуі жолында жұмыла қызмет етеміз деп сенемін.

 

Аида БАЛАЕВА,

Мәдениет және ақпарат министрі