• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2024

Бір күнде – 60 пәтер

48 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында халықты тұрғын үймен қамту мәселесі шешімін таба бастады. Мұның бір дәлелі, жыл басынан бері 33 отбасына пәтер кілті табысталса, өткен аптаның соңында олардың қатары тағы да 60 отбасыға көбейді.

Қаланың Алашахан даңғылы бойын­дағы пайдалануға жаңа берілген 34 А үйдің тұрғындарына пәтер кілтін табыстауға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов арнайы келді.

Жаңа пәтерлердің 13-і көпбалалы отбасыларға, 15-і жетім, ата-ана қамқор­лығынсыз қалған балаларға, 32-сі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға берілді.

Салтанатты сәтте облыс басшысы Жезқазған қаласында биыл 270 пәтер пайдалануға берілетінін мә­лімдеп, жалпы облыс бойынша тұрғын үй құрылысы қар­қын алғанын қуана жеткізді.

«Қазіргі кезде облыстың барлық өңірін қоса есептегенде 36 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің құ­рылысы жүруде. Бұл – 400-ге жуық бас­пана деген сөз. Әрине, кезекте тұрғандар саны баршылық. Сондықтан біздің міндетіміз – тұрғын үй құрылысының барынша қарқынды жүргізілуіне қо­лайлы жағдай тудыру», деді облыс әкімі.

Пәтер кілтін алғандардың бірі көпбалалы ана Жанат Есетова еді.

«Біз көптен бергі арма­нымызға қол жеткіздік. Осындай істің басы-қасында жүрген барша азаматтарға ал­ғысымыз шексіз», деді Жа­нат Фермебайқызы қуанышын жасыра алмай.

Бір күнде 60 пәтердің кілті тапсырылған жағдай Жез­қазғанда көптен бері бола қоймаған оқиға еді. Халықтың ерекше қуанышқа кенелгені де сондықтан. Бұл жаңа облыстың ертеңіне деген сенімді нығайта түскені анық.

 

Жезқазған