• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 21 Маусым, 2024

Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн иемдену бойынша күдікті қамалды

255 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда тұрғыны Қуандық Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемденген күдікті туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Агенттік БАҚ-тың сұрауымен осы істің мән-жайын тарқатты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді», делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да сараланды. Бұл іске қатысты күдіктінің қылмыстық әрекеті басқа эпизодтар бойынша да тексеріліп жатыр.Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.