25 және 27 маусымда қалада технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы Су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Медеу ауданында суық су беру уақытша өшіріледі:
Төле би – Назарбаев – Райымбек батыр – ВОАД алаңында; Шокая көшесі, Сарсенбаев көшесі, Кенсай 1,2 шағын ауданы;27 маусымда сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін Жетісу ауданында Райымбек батыр – Нүсіпбеков – Рысқұлов – Волочаевская алаңында және Медеу ауданында Жангелдин-Янушкеевич, Латиф Хамиди-Райымбек батыр, «Оскар» ТК көшелерінің контурында суық су беру уақытша шектеледі.
«Тығыздағыш клапандар мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстардың уақтылы аяқталуы осы аумақтардың тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін автоцистерналармен әлеуметтік нысандарға су жеткізіледі», делінген хабарламада.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті