• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мереке 23 Маусым, 2024

Құрметке лайық қос қызмет

114 рет
көрсетілді

23 маусым елімізде екі бірдей кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші және Полиция күні аталып өтеді. Қоғам өмірінде аса салмақты саналатын қос мамандық иелерінің төл мерекелерінің қатар келуі де өзіндік мән-маңызға ие.

Отаншылдық пен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптас­тыру, абырой-беделін нығайту арқылы ел дамуына үлес қосу, сонымен қатар қоғам­дық тәртіпті қамтамасыз ету, ел тыныштығын сақтау жолында бар қарым-қабілетін жұмсап, қажырлы еңбек етіп жүрген сала қызметшілерінің еселі еңбегі қандай болсын сый-құрметке лайық.

Әрбір өркениетті мемлекеттің ең басты тірегі – оның идеясы мен саясатын жүйелеуші, жүргізуші мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін танытады. Сондай-ақ қоғамда құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының алар орны ерекше. Әділетті Қазақстан қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістерді қолға алып, елді өркендетуге бағытталған барша бағдарлама мен ауқымды реформаны жүзеге асыруға жұмылып отыр. Осы бағытта қос кәсіби мереке иелерінің үлесі орасан.