• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Өнер 23 Маусым, 2024

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты

183 рет
көрсетілді

Қазақстандық тағы бір көркем туынды халықаралық кинофестивальде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметінше, «Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде «Алтын кубок» алды.

Шанхай фестивалінен жағымды жаңалық бар! Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген «Талақ» фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді. Әлемнің үздік 14 фильмінен озып, жеңімпаз атанған шығармашылық топты құттықтаймыз! - делінген мәліметте.

Шанхай фестивалі – «А» санатына жататын он фестивальдің бірі.

«Талақта» басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған.

Соңғы жаңалықтар