• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2024

Елімізде тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

122 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжілісмен Нұрсұлтан Байтілесовтің депутаттық сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін депутат соттарда жұмыс істейтін аудармашылар төмен жалақы алатынына назар аударған еді.

«Қазіргі уақытта азаматтық және әкімшілік істер бойынша аудармашылардың еңбегіне ақы төлеу Үкіметтің 1992 жылғы қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Оған сәйкес бір бетті немесе бір сағаттық жұмысты аударғаны үшін 369 теңге төленеді. Ал егер процесс жарты сағатты алса, онда төлем осы соманың жартысын құрайды, яғни 180 теңге», деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Депутаттық сауалға берілген жауапта сот ісін жүргізу аясындағы аудармалардың құны аударма қызметінің нарықтық құнынан айтарлықтай төмен екендігі айтылды. Мәліметтерге сүйенсек, азаматтық және әкімшілік істер бойынша аудармашыларға төленетін сыйақы мөлшері Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен реттеледі.

«Сот әкімшілігі қалыптасқан жағдайды реттеу үшін сот процесіне қатысатын аудармашыларға сыйақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін қаулы жобасын дайындады. Қазіргі уақытта жоба заңнамада белгіленген тәртіппен қаралып жатыр», делінген жауапта.