• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Маусым, 2024

Халықтың коммуналдық қызметтерге қарызы 150 миллиард теңгеден асты

85 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтерге берешегі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың мамыр айының соңында жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерге берешегі 150,6 млрд теңгеге жетті:

электр энергиясына – 10,1 млрд теңге (2024 жылдың басына 11,3 млрд теңге); орталықтандырылған жылытуға – 26 млрд теңге (8,7 млрд теңге); газбен жабдықтауға – 92,2 млрд теңге (85,6 млрд теңге); сумен жабдықтауға – 20,2 млрд теңге (3,8 млрд теңге); су бұруға – 2,1 млрд теңге (1,7 млрд теңге).

Заңды тұлғалардың қарызы 241,2 млрд теңгеге жетті:

электр энергиясына – 161,7 млрд теңге (2024 жылдың басына 37,8 млрд теңге); орталықтандырылған жылытуға – 17,4 млрд теңге (10,8 млрд теңге); газбен жабдықтауға – 54,4 млрд теңге (59,1 млрд теңге); сумен жабдықтауға – 4,5 млрд теңге (2,8 млрд теңге); су бұруға - 3,2 млрд теңге (2,1 млрд теңге).

Коммуналдық қызметтерге берешегі бар өңірлер:

Электр энергиясы қызметтері: Маңғыстау (116,1 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (18,1 млрд теңге) және Түркістан (7,5 млрд теңге) облыстары. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету қызметтері: Маңғыстау (17,2 млрд теңге), Қостанай (7 млрд теңге) облыстары және Астана қаласы (3,4 млрд теңге) көшбасшы болды. Газбен жабдықтау қызметтері: Алматы қаласы (113,88 млрд теңге), Маңғыстау (21,7 млрд теңге) және Ақтөбе облысы (7 млрд теңге). Сумен жабдықтау қызметтері: Маңғыстау (17,5 млрд теңге), Қарағанды (1,47 млрд теңге) және Қызылорда (870,5 млн теңге) облыстары. Су бұру қызметтері: Қарағанды (943,8 млн теңге), Абай (938,7 млн теңге) облыстары және Астана қаласы (651,56 млн теңге) қарыздары бойынша антилидерлер қатарынан көрінді.