• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2015

Күн тәртібі талқыланды

231 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Балаларды ден­­саулығы мен дамуына зиян тигі­зетін ақпараттан қорғау туралы»; «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне балалар­ды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық акті­леріне денсаулық сақтау мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеу үшін бас комитет болып белгіленді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюро отырысы барысында па­латаның 2015 жылғы 22 қаңтар­да­ болатын кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар ­ен­­гі­зілді. Отырыста «Мемлекеттік жас­­­­тар саясаты туралы» және ­«Қа­­­­­­зақстан Республикасының Ең­­бек­­­­­ ко­­дек­сіне өзгеріс пен толық­­тыру ен­­­гі­зу туралы» (бірінші оқы­лым) заң­ жобаларын қарау жоспар­ланды.