• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 25 Маусым, 2024

Ұлттық спорт ғылымға негізделмек

88 рет
көрсетілді

Қоңыр күзде Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Президент жа­нындағы Орталық коммуникациялар қызме­тінде өткен брифингте дүниені дүбірге бөлейтін додаға дайындықтың жай-күйі пысықталды.

Баспасөз конференция­сына Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, V ДКО дайын­дау және өткізу жөніндегі ди­рекция басшысы Наиль Нұ­ров және Ұлттық спорт қауым­дастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев қатысты.

Тастанбек Есентаев Дүние­жүзілік көшпелілер ойын­дарының қарсаңында ұлттық спорт түрлері бойынша маман­дар даярлау бағытында жұ­мыс­тар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Елімізде алғаш рет 2 ке­шенді ғылыми топ құрылды. Олар жылқы шаруашылығы бағытында және ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даяр­лау бойын­ша кешенді жұмыс­тарды жүзеге асырмақ. Ғылыми топтың құра­мында жетекші ғалымдар, ветеринарлар, биологтер, генетиктер, спорттық пси­хология және медицина мамандары бар.

Бүгінгі таңда Алматы облы­сындағы олимпиадалық даярлау орталығының базасында ға­лымдар V ДКО-ға қатысатын спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық және психологиялық жағдайына мониторинг жүргізіп жатыр.

Қауымдастық қызметінің басым бағыттарының бірі – ұлттық спорт саласында білікті кадрлар даярлау.

«Тәуелсіз Қазақстан тари­хында алғашқы рет «Ат спорты­ның ветеринариясы» және «Ат спорты түрлерінің жаттықты­рушысы» маман­дықтары бойын­ша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қазақ спорт, туризм академия­сы­мен бірлесіп білім бағ­дарламалары әзірленіп, мамандар даярлау қолға алынды. Екі білім бағ­дар­ламасы да инновациялық мемлекеттік тізімге енгізілді. Биыл аталған оқу орындары 2 ма­мандық бойынша талап­керлерді қабылдайды», дейді Тастанбек Есентаев.

Биылғы наурызда Жоғары ұлттық спорт мектебі құрылды. Мұнда ұлттық спорт түрлері бо­йын­ша мамандардың біліктілігін арттыру және қолданбалы зерт­теулер жүргізу бағытында жұмыс жүзеге асады. Бүгінде жат­тықтырушылар мен тө­ре­шілердің біліктілігін арттыру бағытында 8 бағдарлама әзір­леніп, төрешілер үшін «Теңге ілу», «Көкпар», «Көк-бөру» (қыр­ғыз) спорт түрлері бойынша бі­лік­тілікті арттыру курстары өткі­зіліп келеді.

Сонымен қатар тәуелсіз Қа­зақстан тарихында тұңғыш рет Ұлттық спорт қауымдастығы мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бір­лесе оты­рып, осы күзде Аста­на қа­ласында өтетін V Дүние­жү­зілік көшпелілер ойындарында қазылық ететін төре­ші­лер­дің халықаралық семинарын өткізуді көздеп, игі шара кес­тесі мен оқу бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қо­ғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Сал­жанов басқаратын Ұлттық спорт қауымдастығының құра­мына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар кіреді.