• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2015

Солтүстік Қазақстанда ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

268 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сәдуақасов Жанат Ғаббасұлы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жанат Сәдуақасов 1981 жылы туған, Солтүстік Қазастан мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-құрастырушы болып бастады. 2007 жылғы сәуірден 2010 жылғы сәуір аралығында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, содан соң бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылғы сәуірде облыс әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды. Ал 2011 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Айдар Өрісбаев. Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет: sko.gov.kz.