• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Маусым, 2024

Үкіметте жылыту маусымына дайындық пысықталды

79 рет
көрсетілді

Бүгін өткен Үкімет отырысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұз, Теміртау, Тараз, Жезқазғанда жылыту нысанын жөндеу уақыты жиі өзгерген. Ал Қарағанды облысында жылыту нысандарындағы проблемалар тексерілді.

«Биыл мамыр айының басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бердім. Алайда КЕГОК операторы бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесіне меншік иелерінің қалауы бойынша үнемі өзгерістер енгізіп отырады.  Биылдың өзінде кестеге жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша 18 рет өзгеріс енгізілді. Бұл әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің қатысуынсыз және келісімінсіз жасалды», деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалау бірінші вице-премьер Роман Склярдың жеке бақылауына тапсырылды. 

«Роман Васильевич, жергілікті жерлерде қажетті жедел шешімдер мен қатаң шаралар қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударыңыз», деп тапсырды Олжас Бектенов.