19 маусымға қараған түні Ақмола облысында орналасқан кәсіпорынның бірінен сейф ұрланды, деп жазады Egemen.kz.
Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлері отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті қолды еткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған», деді кәсіпорын басшысы.Қаскүнемдер сол күні ұсталып, ұрлық бір күнде ашылды.